+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



ӨЖЕТ ЕДІ ӨЗТҮРІК


Жалпы Мұстафаға өжеттік, қайсарлық қасиет оның аталарынан дарыған. Мұстафаның үлкен атасы болған Төлебай сөйлесе тілге шешен, егессе есесін жібермейтін ерекше адам болған. Ал, Мұстафаның нағашы атасы Шинжан өлкесі, Өр Алтай, Баркөл, Мори, Ақсай өңіріне аты әйгілі Қайысбай Иісұлы деген әйгілі балуан. Яғни, Мұстафаның әкесі Кәбен ағамыздың жары Рәзие апамыз осы Қайысбайдың қызы. Осындағы Қайысбай атамыз 19 жасында арысқа түсіп Баркөл-Моридің «Ақтас» жайлауында ұйғырдың атақты балуаны Насырды жығып атағы шықса, одан кейін ойраттың атақты күш иесі Донғара балуанды жеңіп, заманында теңдессіз күш иесі атанған. Көнекөз қариялар Мұстафаны осы нағашы атасына тартқан деуші еді. Ал, Мұстафа Өзтүріктің әкесі, Түркия қазақтары арасында Кәбен атымен танымал Әбдірахман Төлебайұлы да осал емес, Түркия ауған қазақтарының көшін бастаған жетекшілердің бірі болған адам. Оның сыртында, арысқа түсіп атағы шықпаса да, балуандығы басым және домбыра шертіп, ән салатын өнерпаз еді.

 

Профессор Әбдіуақап Қараның естелігінен 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

325

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз