+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



ӨМІРДІҢ ӨЛШЕМ БІРЛІГІ.....


Бүлдіршіннің  тұсауын кесуде  бағзыдағы бабаларымыздың  тұтас бір тұжырымы бар. Әдетте,  нәресте аяғына  тұсаукесерде  қара мен ақ жіп араластырып есілген ала жіп байланады. Қара түс о дүниенің белгісі. Негізі бала аяққа тұрғанға дейін шетінеп кетуі жие кездесетін жағдай. Иммунитет қалыптасып болмаған кезеңде бүлдіршінге жел тиіп, іші ауырып, ішегі жабысып қалуы ғажап емес. Ақ жіп бұл дүниенің белгісі. Аяққа тұрып, тәй-тәй басқанда тұсауын кесуі «бұл нәресте о дүниелік емес,  бұл дүниелік, шекарадан өтіп тұр»-деген ұғымды білдіретін ишара-әрекет. Тағы бір жай. Әдетте үлкендер балаларға «Ұрлық жасамаңдар, біреудің ала жібін аттамаңдар»-деп жатады. Бұл жердегі ала жіп ардың, иманның шекарасы. Сонымен бір-біріне қарама-қарсы(антонимдік) ұғымдағы түс жақсы мен жаманды, залым мен адалды, парасатты мен парықсыздықты, пәни мен бақиды байқататын бағам. Қазақ мифологиясында осы көрініс тал, аса таяқ арқылы анық берілген. Мәселенки, ағаш тамыры аруақтар елін білдіретін болса, талдың көктеп гүлдеген сабақтары бақытты, шат өмірді байқатады. Ал ағаштың  діңгегі әлгі антонимдік ұғымдардың  өзара қақтығыс, теке-тіресінің алаңы болғанын айғақтайды. Астананың қақ ортасында салынған «Бәйтерек» кешенінің негізгі символы да сол. Бәйтеректің ұшар басындағы самұрықтың жұмыртқасын жылан жұтпақшы болады да, аждаһаның басын хас батыр қылышымен кесіп түседі. Демек, өмірдің пәлсәпасы да үздіксіз осындай арпалыстан, әділ әрі әділетсіз күрестен тұрады. Негізі, ақыл басым болған жерде ашу емес, теке-тіресті айналып өтудің жолы қарастырылады. Ал, ақылы кемнің әркез қызғаныш оятудағы «теріс таланты» дарындылардың аяғын шалуға көп жағдайда жарап «жатады».      

Мифолог Серікбол Қоңдыбайдың ғылыми еңбектеріне сүйене отырып жасалған оймақтай ой.     

 

НҰРЛАН ҚАЗИҰЛЫ 

 

 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

865

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз