+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



"САҒЫНДЫМ САҒЫМ ЖЫЛДАР....."


« – Мәдина, менде сізге арналған ән де бар, – деп шетке алып шығып, сөзі жоқ, екі жолын ғана айтып беріп едім, ол әнді бірден ұнатып, аламын деді. Содан кейін екеуміз біраз жұмыс істедік. Бірақ, үнемі уақыты болмайды. Телефонмен сөйлесеміз, әннің партитурасын да жасадым. Сосын жеті ай дегенде барып, «Әуен» студиясында осы әнді жазатын болдық. Ол кезде әннің мәтіні әлі жоқ болатын. Содан кейін ақын Шөмішбай Сариевқа хабарласып, ән жазғанымды, сөзін өзі жазғанын қалайтындығымды айттым.

Ол кісі келесі күні түскі үзі­лістен кейін жұмысына келуді сұрады. Ал мен Құрманғазы оркес­трінде қызмет жасайтын кезім. Барсам, ақын ағамыз жоқ, орнында бірнеше қыз отыр.

– Шөмішбай аға жаңа ғана хабарласты, сізді күтсін деп айтты. Күтіңіз, күтіңіз, – деді олар.

Бір уақытта асығып ақын да келді:

– Түс кезінде көзім ілініп кеткен екен. Сол арада марқұм анам түсіме кіріп: «Әй, тұрсаңшы, тұр! Ана қыз сені күтіп отыр» дегені. Орнымнан атып тұрып, кабинетте отырған қыздарға хабарласып, сен кетіп қалмасын деп тапсырғанмын. Бұл қыздың қасиеті бар-ау деп ойладым, – деді Шөмішбай Сариев»

Айнаш ЕСАЛИ

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

864

1 comment

  • Жексенбі, 30 Тамыз 2015 16:30 Серiк

    Оте жаксы

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз