+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



"ҚЫРҒЫЗ ҚАЗАҚ БІР ТУҒАН....."


Өнер шекара таңдамайды. Қырғыздың «Қызыл өрік», «Шоқ қыздар», «Арман-ай», «Еламан» секілді әндері  қазақтың ортасына тез сіңісіп кетті. Тіпті, кейде қайсы қырғыздікі, қайсысы өзіміздікі екенін ажыратып жатпаймыз. Жарайды, көптің көңіліне қонған ән әрі-бері  көшіп жүре береді. Қай бір жылдары қырғыздың әнін «өзім шығардым» деген әншілеріміздің бірі дауға қалған. Өнердегі шындық тез ашылады. «Шоқ қыздардың» алғашқы нұсқасын көршілеріміз көрсетіп, әлгі әншінің «аптығы» басылды. Негізі, қазақ тіліндегі нұсқадан қарағанда, қырғыз тіліндегі нұсқасы тартымды, сөзі әсерлі келеді. Тіл ерекшелігіндегі дыбысталудың әсері шығар бәлкім. Қырғыздың «Жылқышы әні» кеңестік кезеңде-ақ қазақтың рухани ортасына тез сіңіп кетті. «Қырғыз қазақ бір туған» демекші, болмысы бір-біріне келетін екі ел әні де, сәні де де көшіп жүре берсін, тек өлеңнің шыққан тегіне қысастық жасамаған абзал.    

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

618

1 comment

  • Дүйсенбі, 31 Тамыз 2015 16:51 Курманказы

    Керемет, Кыргыздын Халык андери маган унайды.

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз