+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



"ЖҮРЕККЕ СЫР ТҰНАДЫ СЕН ДЕГЕНДЕ...."


1983-1984 жылдары "Гүлдер" ансамблінде әнші Сембек Жұмағалиев жұмыс істеп жүргенде,бір күні оған Кеңес Дүйсекеев жолығып: «Менің әндерімді бар әнші орындап жүр. Сен менің әндерімді қашан орындайсың?» - деп, «Ғашықтар жыры» әнін Нағима Есқалиевамен бірге айтуды ұсынады.Негізі осы әнді танымал сазгер өзінің жары Баянға арнаған. Сембек  «Қасың қандай, қарақат көзің қандай» деп басталатын ән мәтінін қарап: «Нағимамен айтсам, сөздерін «Бойың қандай» деп өзгертуге тура келеді,» - деп әзілдейді. Сол сәтте ол сазгерге ансамбльге жаңадан келген жас әнші Мақпал Жүнісова туралы айтады. Осылай қос дауыста «Ғашықтар жыры» әні жазылады. Ән жарыққа шыққан бойда елге кеңінен таралып, бірден танымал әнге айналады. «Ғашықтар жыры» әні талай тыңдарманның жүрегінің төрінен орын ала білді. Тіпті, бәзбіреулер әншілерді «ғашық етіп, үйлендіріп» жіберген. Біраз уақытқа дейін бұл сөздер халық арасында өршіп жүрді. Қалай болғанда да, ән бұл күнге дейін тыңдарман пейілін жоғалтқан жоқ.

Ғазиза Ұсақ 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

981

2 comments

  • Сенбі, 14 Мамыр 2016 01:31 Толеген

    Толеген Сейдуллаулы Кеңес Дүйсекеев ағамыздың "АЙТУҒА ОҢАЙ" хабарындағы сөзінде, бұл өлеңнің тарихын басқаша болған деп, СЕМБЕКтің ұмытқан жайттарын баяндап берген еді. Сонымен, шындығында, Кеңес-аға ешбір әншінің артынан жүгіріп, ән ұсынбапты. Керісінше, әншілердің өздері оған келіп сұрайды екен. Ал Кеңес-аға болса, әншілерге әнін айтқызып, көңіліндегідей шыққанша жұмыс жасайды екен. Сембек пен Мақпал екеуінің жұп болып ән айтуы өте қиын болыпты, Кеңес-аға үшін. Өйткені, Сембектің дауысы тым жоғары тонда болғандықтан, Мақпал екеуінің үйлесімді дауысын табу үшін көөөп еңбектеніп, сәл-пәл ғана көңілінен шығыпты. Ия! Айтпақшы, бұл жұптық-әншілерді Кеңес-ағаға телерадиодағылар ұсынған екен.

  • Жұма, 13 Мамыр 2016 14:05 Абай Ескендиров

    Шедевр!

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз