+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



ЖЕР-СУ АТАУЛАРЫ


Университет бітірерде дипломдық жұмысым «Жер-су атауларының шығу тегі» тақырыбында болды. Қызылорда облысындағы жер-су атаулары бойынша біршама ғылыми дәйектерді оқып, кейбір атаулардың шығу тарихы тіпті қызықтырды.

1.       Жосалы станциясы – Қармақшы  ауданының орталығы.  Ауыл іргесінде жоса дейтін қып-қызыл тастар бар. Бабаларымыз сол қызыл тасты қазанға қайнатып, қызыл түс бояу алып, киіз үйдің кереге, уық, шаңырақтарын бояған. «Қан жоса болыпты» деп, қатты жарақат алып, қансыраған адамды айтады.

2.       Жалағаш атауы. Жалағаш деген сөзден әдетте,жапандағы жалғыз ағаш деген көріністі көз алдыңызға әкеледі. Бірақ бұл атаудың жалғызға емес, аттың жалына қатысы бар. Осы елді- мекен сыртында қаз-қатар тізбектеліп өскен тал болыпты. Желді күні ана талдар толқындап, жылқының жалындай болады екен. Атау содан шыққан.

3.       Қазалы атауы. Негізі Қазалы атауына байланысты екі болжам  айтылады. Бірі «Қаза толмай, қазан толмас» дейтін қазақта сөз бар. Қаза-балық аулайтын құралдың бір түрі. Оған бір рет бас сұққан байлық айналып қайта шыға алмайды. Екінші болжам, Қазалы патшалық Ресей кезінде әскери бекініс болған. Осы жерде жергілікті тұрғындар әскерилерді қойша бауыздап, қандарын суша дарияға ағызған дейді. Қазалы атауы содан қалыпты-мыс.

4.       Қармақшы атауы. Негізі, бұл жердің атауын көп жағдайда, дарияға қармақ салып, жан баққан қармақшыға телиді. Енді бір болжамда Қармақшы деген әулие болыпты дейді. Қармақшының шығуына қатысты тағы бір ғылыми қисын бар. Ресей географтары ескі картаға «Кармакчи» деп емес, «Кара бакчи» деп енгізген. Қара – күш иесі. Бақсы сөзі болса де белгілі . Қорқыт Атаның туған жері. Сингармонизм заңдылығы бойынша екі сөз бірігіп, атау реңкі мағынасын өзгетуі мүмкін деген де дүдамал айтылады. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

1835

1 comment

  • Бейсенбі, 10 Желтоқсан 2015 14:41 Алуа

    маған бұның барлығы ұнады сіздерге көп көп рахмет

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз