+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



«ҚУАНЫШ ҚАЙҒЫМЕН ЕГІЗ ДЕЙДІ....»


Әр адамда, жаны ауратын, іші күйзелетін бір осал жері болады. Тіршілікте төрт құбыласы тең, көңілі шат жан-жағы түгел адамды таппайсыз. Сырт көзге күлімдеп тұрған кейбір зиялылардың ішкі дүниесіне еніп, жан сарайындағы қайғысы мен қуанышын зерттеу өз алдына бір ұшы-қиыры жоқ әлем. Әйгілі күйші Секен Тұрысбековтің  де жанында жазылмас жара бар. Екі жасар Жанар және Анар атты қызынан бала күнінде табан асты көз жазып қалған. Бірін көлік қағып кетсе, екіншісіне көз тиіп қайтыс болыпты. Қос бірдей  ботасынан айырылған  Секен аға содан кейін  ауыр күйге түсіп, қатты тұйықталып қалған екен. Жер бетіне сыймай, қайғы жамылған сәтте, «Көңіл толқыны» күйін 1985 жылы өмірге әкеледі.  1985 жылы туған. Күй бірден көпшіліктің ыстық ықыласына бөленіп, кеңінен тарады. Тіпті, алыс-жақын шетелдегі жұртшылық күйді тыңдаған бойда оның авторын іздестіріп, күйдің шығу тарихына білгілері келді. Сол шері мен қуанышы қатар өрілген Секен аға бүгін әріптестеріне, достарына, жақын-жуығына  дастархан жәйіп, туған күнін атап өтіп жатқан жәйі бар. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

729

3 comments

  • Дүйсенбі, 02 Мамыр 2016 23:11 Ғатау-Гали

    Менің музыкадан қабарым жоқ адам бірақ мен үшін күйсіз өмір сүру мөмкін емес.күй менің жан дүнием,рухом,ата бабам,әке шешем достарымда сол күй!

  • Сейсенбі, 01 Қыркүйек 2015 20:23 Клара

    Очень красивое произведение!!!! Люблю, слушаю всегда со слезами на глазах!!!! Это просто шедевр!!!!

  • Сейсенбі, 01 Қыркүйек 2015 16:14 Нұржан

    Құдырет күймен түсінікті

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз