+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



"БІРЖОЛА ӨШТІ ҒОЙ ҮМІТ-АРМАН...."


Кейде әдемі әннің ырғағы үйіріп әкетіп, болмаса адам жүрегіндегі тінді шертетін күйдің, шерлі музыканың мелодиясы есте қалады да, тасадағы адам тағдыры, оған арналған әннің тарихы, тіпті кейде сазгердің есімі елеусіздеу қалып жатады. Сөзін Тұманбай Молдағалиев, әнін Ержан Белғозиев жазған «Бауырды аңсау» атты әсерлі әнінің артында да адам тағдыры жатыр. 1985 жылы қыркүйектің 5-де Ержанның ағасы Бекқұл жол апатына ұшырады. Жол жөндеуге  көлік жолына төгілген асфальт үйіндісін мотоциклмен айналып өтпек болғанда жүргізушісі удай мас «Жигули» келіп соққан. 31 жасар ағасынан көз жазып қалған Ерекең сөйтіп бір жыл есеңгіреп, жұрт бір көпшілік жерде  күліп жатса, «бұлар өтірік күледі»,-деп ойлайтындай дәрежеде депрессияға түскен. Күйеу баласының есі кіресілі-шығасылы жағдайы қабырғасына батқан Тұманбай аға «Ержанжан,жаныңды шиырлап жүрген қайғыны түсінемін. Құдамдай емес, туған інімдей болып кеткен Бекқұлдың аруағына мен өлең жазайын, әуенін өзің ретте»,- деп аталық жолын айтыпты. Негізі, Тұмекең  Бекқұлды  Өзбекстанның Мырзашөл ауданынан Алматыға көшіріп алуды ойлап жүргенде, суыт хабар ақын ағаны да есеңгіретіп жіберіпті.    

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

963

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз