+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



ҰЛТТЫҚ БАЛАЛАР ОЙЫНЫ


 

Қазір ауыл балаларының көктемде  асық атып, ләңгі теуіп жүргенінен хабарсызбын. Бала кезімізде әсіресе көктем мен күзде асық ойнап, ләңгіні жылы шуақ болса далада, жаңбыр жауса мал қорада теуіп шаңын шығарып жататынбыз. Әрі- беріден кейін шабың ауырса да шабылып ауыл балалары жарысып жататын едік. Нағыз спорттық ойын. Қорғасын іздеп, оны теңгедей етіп құйып, қақ ортасын шегемен тесіп, аяққа керзі етік киіп ала-топан жарысқа кіретін едік. Епті балалар суырылып алға шығады. Асықтың да әуресі сондай. Ұтылсаң ұнжырғаң түсіп, сақаңа дейін тігіп сыпырылып қайтатын едік талай! Ұтып келсең, өзгеден келген олжа асықтарды қайта-қайта әженің қазанында жіпті бояған «хнасына» батырып, келесі ойынға «дайындайтынмыз».  

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

838

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз