+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



БІР КЕЗДЕРІ КӨШЕДЕ ПОЕЗД ЖҮРГЕН...


Бір кездері  бұрынғы Целиноград  қазіргі Астана қаласында қалаішілік поезд қатынасы жұмыс істеген. Үш-төрт вагоны бар шағын поезд  вокзалдан бастап, Жеңіс көшесінің бойымен Есілдің жағалауына дейін қатынапты. «1960 жылдарға дейін болды» деді көнекөз теміржолшы қариялардың бірі. Астанада тұратын әлгі қарт теміржолшы кезінде журналистердің бір тобын саяжайына ертіпте апарды. Ескі вагонның қаңқасы қалыпты. От жағатын жері, кондуктордың купесі, дәретхана бәрі болған.  Ақырын жүретін поездың  10 шақты аялдамасы болған. Теміржол техникасының жай жүретіні сондай, жолай жолаушылар да ілесіп міне береді екен. Бір өкініштісі, теміржолшылар мерекесіне орай ұйымдастырылған шараға фотоаппарат ала бармаппыз. Қазірде, ол саяжайдың, вагонның қайда екенін ұмыттым. Әлбетте, шаһар тарихы үшін бұл бір құнды жәдігері болары анық еді.    

 

НҰРЛАН ҚАЗИҰЛЫ 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

296

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз