+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



САРҒАЙҒАН СУРЕТТЕР СЫРЫ

  • Сейсенбі, Қыркүйек 08 2015

XIX жән XX ғасырларда бабаларымыздың келбетін, тұрмыс-салты мен кәсібіне көз жүгірткіңіз келсе, мына ескі суреттерге назар салыңыз. Көнелігімен құнды екеніне дауа жоқ. Көшпелі қазақтың барлық тірлігі мал шаруашылығына қатысты екені белгілі. Сурет қазақ тарихына жанашырлық жасап жүрген Жолымбет Мәкіштің жеке мұрағатынан алынды.

 

 

ХИДЖАП ДЕГЕН ҚАЗІРГІ ХХI ҒАСЫРДЫҢ ТАЛАСЫ. XIX ЖӘН XX ҒАСЫРЛАРДА  АНАЛАРЫМЫЗ ЖАСЫНА САЙ ҚЫЗ ОРАМАЛ, КЕЛІНШЕК ОРАМАЛ, ЕНЕ ОРАМАЛ, КЕМПІР КИМЕШЕКТІ БАСТАРЫНА ТАРТҚАН.

 

 

 

 

 

КИІЗ БАСУ  ТҰТАС БІР АУЫЛ ӘЙЕЛДЕРІНІҢ МАШАҚАТЫ БОЛАТЫН. АЛАЙДА, «БІРЛЕСЕ КӨТЕРГЕН ЖҮК ЖЕҢІЛ» ДЕМЕКШІ, КИІЗ БАСУ ҮРДІСІ АУЫЛ ӘЙЕЛДЕРІН АУЫЗБІРЛІККЕ ШАҚЫРАДЫ.

 

 

 

 

XX ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДА ӘЙЕЛДЕРДІҢ СҮНДЕТТОЙҒА ДАЙЫНДЫҒЫ. САМУИЛ ДУДИННІҢ КОЛЛЕКЦИЯСЫНАН АЛЫНДЫ.

 

 

 

 

 

БАҒЗЫДАҒЫ БАБАЛАР ШАШТЫ ТҮГЕЛДЕЙ БӘКІМЕН СЫПЫРТАТЫН БОЛҒАН. БҰЛ БҰРЫҢҒЫЛАРДЫҢ СҮННЕТКЕ БЕКЕМ БОЛҒАНЫН КӨРСЕТСЕ КЕРЕК.

 


 

 

 

 

АУЫЛДЫҚ ЖЕРДЕ ӘЛІ КҮНГЕ ДЕЙІН ТЕЗЕК ЖИНАП, ҚЫСҚА ҚИ ДАЙЫНДАЙДЫ. КҮЗДІҢ ҚАРА СУЫҒЫНА ОТҚА ТЕЗЕК ТАМЫЗЫП ОТЫРА БЕРЕДІ ДЕ, НАҒЫЗ ҚЫС ҚАҺАРЫНА МІНГЕНДЕ АЗДАП КӨМІР САЛАДЫ.

 

 

 

 

БҰРЫН ҚУЫРШАҚ БОЛМАҒАНДЫҚТАН, ҚАЛҒАН МАТА ҚИЫНДЫЛАРЫН АНАЛАР БУЫП ТҮЙІП, ОНЫҢ СЫРТЫНА КӨЙЛЕК ТІГІП БҮЛДІРШІНДЕРІНЕ ҚУАНЫШ СЫЙЛАҒАН. 1899 ЖЫЛЫ СЕМЕЙДЕ ТҮСІРІЛГЕН.

 


 

 

 

 

ШҰБАТТЫҢ ҚАДІРІН БІЛМЕЙТІН ҚАЗАҚ ЖОҚ. НЕГІЗІ АУЫЛ АҚСАҚАЛДАРЫНЫҢ ҚАЗІРДЕ ҰЗАҚ ЖАСАУЫНЫҢ СЫРЫ; ШҰБАТТЫҢ АРҚАСЫНДА.

 


 

 

 

 

НЕГІЗІ ЕРТЕРЕКТЕ ҚҰРТ АУРУЫНА ШАЛДЫҚҚАН АДАМДЫ ОҢАША ОТАУҒА ШЫҒАРЫП, ЖАҢА САУЫЛҒАН БИЕ САУМАЛЫН ҮЗДІКСІЗ ІШКІЗІП, ЖАРТЫ ЖЫЛДА ҚҰЛАН-ТАЗА АЙЫҚТЫРЫП ЖІБЕРГЕН.

 

 

 

 

 

ЖҮН САБАУ ЖҰМЫСЫНЫҢ ДА ӘЛЕГІ ӨЗІНЕ ЖЕТЕРЛІК. 1899 ЖЫЛЫ ТҮСІРІЛГЕН СУРЕТ.

 


 

 

 

БҮРКІТШІ ҚАЗАҚ. 1899 ЖЫЛҒЫ СУРЕТ. КЕШЕ ҒАНА ТҮСІРІЛГЕН СИЯҚТЫ... САПАЛЫ.

 


 

 

 

 

ОТБАСЫЛЫҚ СУРЕТТЕРДІҢ БІРІ. ҚЫЗДЫҢ; ЖАНАРЫ ТІКТЕЛЕ ҚАРАҒАНЫНА МӘН БЕРСЕК, КӨРГЕНДІ, АУҚАТТЫ ӘУЛЕТТІҢ БАЛАСЫ ЕКЕНІ БЕЛГІЛІ.

 


 

 

 

 

 

 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

АҚПАРАТ ҚЫЗЫҚТЫ МА? ДОСЫңМЕН БӨЛІС:

Талқылау
2511





Пікір қалдырыңыз