+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



ГАСТРОЛЬ МЕН КӘСТРӨЛ


2005 жылы көктемгі салым арнасынан су асқан Сырдария өзенінің тоғандарын қайта қалпына келтіруге жүздеген қол күші жұмылдырылып, көмекке келген жұмысшыларға ыстық тамақ ұйымдастыру жергілікті мекемелерге тапсырылады.

Өз кезегінде осындай тапсырмамен жұмыс басына келген Қызылорда облысы, Шиелі аудандық мәдениет бөлімінің бастығы Әшімханға сол жерде жолыққан ақын Дәулетбек:

- Гастрольге келдің бе? - деп сұрайды. Ол болса қуақыланып:

- Бұ жолы - гастроль емес, кәстрөлмен келдім, - дейді.

Сонда арқасы бар ақын Дәукең кідірместен:

Кейінге қап гастроль,

Көтеріпсің кәстрөл.

Көжеңді онда құя бер,

Тимейді саған басты рөл! - деген екен.

 

Нұрмахан Елтай, жазушы, журналист

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

508

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз