+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



«ҚАРЫЛҒАШТЫҢ ҚҰРЫҒЫ НЕГЕ АЙЫР?...»


«Заманына қарай адамы» дейтін еді, қазірде заманына қарай балалар көретін мультфильмде мүлде өзгеріп кеткен. Оның тәрбиелік мәніне қарағанда, мазмұны да біршама жұтаңданып барады. Иә, қазіргі көріністер ЗD озық технологиясымен монтаждалғанымен, шетелдік аждаһа мультиктер секілді, достығынан жауыздығы, мәніне қарағанда сәні көбірек келтіріліп кеткен.Сондықтан болар, 1960 жылдардың соңында түсірілген «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?!», «Ақсақ құлан»секілді  мазмұнды мультфильмді қанша қайталаса да қарай бергің келеді екен. 1966 жылдың сәуір айында Әмен Қайдар бастаған топ «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» атты мультфильмді жасауға кірісті. Мультфильмнің режиссерлігі де, сценарий жазу да өз жауапкершілігіне алады. Ол кездері техникада қазіргі мүмкіндіктер қайдан болсын?! Сондай қиындыққа қарамастан, Әмен Әбжанұлы жоқтан бар жасауға бел буады. Ол уақытта өндірістік база мен кәсіпқой кадрлар жоқтың қасы еді. Бұрын кино саласында жұмыс істемеген суретшілер, сурет түрінде салынған мультфильм жасау – күрделі және көп еңбекті қажет ететін техникамен жұмыс істеуге мәжбүр болады. Фильмді жасау ұзаққа созылып кетті. Алғашында күдікпен қарағандарда болды. Деседе шығармашылық топ қарапайым мультқозғалыстарды меңгере отырып, сурет өнерінің белгілі ұстанымдарына аз уақытта бейімделді. Сөйтіп,«Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» фильмі  1967 жылдың тамыз айында жарыққа шықты. Жаңа мультфильмді көрермен қауым жылы қабылдады, әсіресе, оның ішінде бүлдіршіндер үшін ең тамаша мультфильм болып шықты.

 

P.S  Режиссер Әмен Қайдаров қағазды қиқалап отырып, екі-үш телеөнім түсіріп тарихта қалса, қазіргілері 100 рет көрсетілсе де көрермен тез ұмытатын, жадында қалмайтын мультиктерді озық техникамен жасап әуреге қалып жүр. Бәрі бар да, талант жетпейді. Сосын, шикі бір «атала»шығады. Жеке анимациялық студиялардың талғамы мен талабын бақылап отырған не телеарнаны не Мәдениет министрлігін көріп жүргенім жоқ. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

471

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз