+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



СЫПАЙЫ СИЫРЛАР


Жақсылық Ахметов кеңшар директоры кезінде тәжірбие алмасу мақсатындағы іс сапармен Голландияға барып келеді. Ол жақтың ерекшеліктерін, жаңалықтарын сұраған әріптестеріне ол:

 

- Сиыр фермасын араладық. Оларға бар жағдайды жасап қойған, бәрі автомат. Аптасына екі рет жуындырады екен, жегені алдында, жемегені артында,  бәрі шетінен семіз, - дейді басын шайқап, көзін жұмып.- Шынымды айтсам,  мұнда совхоз директоры болғаннан гөрі, ана жерде сиыр болған анағұрлым  артық секілді.  Біз  науқандық жұмыс кезінде  айына бір  рет суға түспейміз ғой...

 

Нұрмахан Елтай, жазушы-журналист 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

381

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз