+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



ҚАРЖЫСЫ ҚАЛЫП,БЕГІ ҚАЙТА БЕРСІН


Ақын  Қадыр Мырза-Әли  Жаңақорғандағы санаториясында ем алып жатса керек. Елге келген арқалы ақынға аудан басшылары арнайы дастархан жайып, құрмет көрсетеді. Алайда, емделуіне  кедергі келер деген оймен түрлі сусын жағын  ескере қоймапты. Демалыс мерзім таялып, қайтуға  қамданған ақынға ақ жол тілеуге тағы келген ауыл азаматтарына Қадекеңнің өзі  «жүрер аяқ» ұсынып, сөз арасында, « жұрттың әкелгендерін жұтып жатырмыз» деп қояды. Өздерінен бір әбестік кеткенін осы мезет  сезген аудан әкімі Бекмырза Еламанов өткендегі кемшілікті жуып - шаймақ пейілмен; - Қадыр аға, мына  Қаржыбек деген ініңіз Сіздің жаныңызда болып, шығарып салады, - дейді.  Қалжың айтылар сәтті  қалт жібермейтін абыз ақын: - Онда, оның    қаржысы қалып, Бегі қайта берсін!- деп іліп алыпты.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

389

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз