+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



МӘНІ КЕТКЕН МУЛЬТИКТЕР


«Человек-паук» көпсериалды мультфильмін әбден көрген бір бүлдіршін анасына: «Жарға секірсем, неге аяғым жабыспайды?!», - деп жыласа керек. Көрдіңіз бе бала психологиясына ықпалды?!

Қазірде кабельдік телеарналардың бәрінде бір-бірімен алысқан-жұлысқан, қылыштасқан «темір терандардың» айқасқан мултьфильміне толы. «Құрысын, құлағымыз тыныш болса болды»-деп «қол сілтей салатын» самарқау қазақ соның ықпалын сезіне бастадық. Жас жеткіншектер қазірде қатыгез,өш алуға пейілді болуына осы фактор әсер етпей қалған жоқ. Иә, қазақ мултьфильмдері де тәуелсіздік алғалы шыға бастады. Алайда, мағыналық мәні бары санаулы ғана. Қарны шермеңдеген байды алдайтын Алдар Көседен басқа жібі түзу мультфильм жасалды ма, жоқ! Озық технология, 3D форматын игерген  мамандардың өзі ұлттық құнардан ада болғасын осындай «қойырпақ» мультфильмдерді жасауға кірісті.     

 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

549

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз