+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



КИІМДЕРІ МІНЕ


 

Арқалы ақын Иран-Ғайып пен белгілі жырау Алмас Алматов Алматыдан Қызылордаға пойызбен келе жатады. Сол вагондағы бір әйелдің заты ұрланып, құқық қорғаушылары  жаппай купелерді тінте бастайды. Кезек бұл кісілерге де келсе керек.

-Төсектің астындағы зат қоятын орында не бар? - дейді полиция сержанты түсін суытып. Сонда ақын:

 

-Артық ештеңе жоқ. Тек, жолда екі еркекті тонағанбыз, солардың киімдері бар, міне, - дейді де  төсекті көтеріп, өздерінің қаттаулы қойған заттарын көрсетеді. Полиция қызметкері қазақтың белгілі  азаматтарын сонда танып, кешірім сұраған көрінеді.

НҰРМАХАН ЕЛТАЙ 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

354

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз