+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



КАПИТАН МЫРЗА


Шиелілік ақын Дәулетбек Байдрахманұлы жиені Әлденнің жеңіл көлігімен қалаға қарай жүйткіп келе жатса жолда МАИ инспекторы тоқтатады. Жүргізуші жылдамдықты шектеу белгісінен арттырып жіберсе керек.  Амал жоқ, айып төлеуге тура келетін түрі бар. Шопыр жігіт сипақтап ақын нағашысына қарай береді.  Сонда Дәукең инспекторға беттеп:

-Капитан мырза, Ырыскен,

Жүр едік шұғыл бір іспен.

Салқын түсті, күн жауын,

Хәліміз мынау бүріскен.

Жылдамдығымыз үдепті,

Қателесіп жүрістен.

Сене бергін Әлденге,

Қорытынды шығады бұл істен.

Ашуыңды маған бер.

        Қамқоршы көпке, Ырыскен! – деп қолма-қол өлеңдеткенінде қабағы тырысып тұрған капитан да күліп жіберсе керек.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

469

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз