+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



АУЫЛДЫҢ ҚАЛЖЫҢДАРЫ


Жын тигеннен сақта

 

Жорналшы Қадырдың ішімдікке әуестеніңкіреп жүрген кезі болса керек,  бірде  базар ортасында  әнші - сазгер ағасы  Әлмырза Ноғайбаевқа жолығып қалады. Оның  өзіне тесіле қарағандығынан ыңғайсызданған ол:

-Бетім қарайып кетті, күн тиген ғой, - деп ақтала бастайды. Сонда  Әлекең:

-Е, күн тиіп қарайса, ештеңе етпес, «жын» тигеннен сақтасын, - деп інісіне сыпайы ескерту жасапты.

 

 

Қандай бақыттысыз, аға

 

      Ауылға сапарлап келген жазушы Саттар Сейтқазин жол сөмкесін олай-бұлай ақтарыстырып, қажетті нәрсесін таба алмаған соң, ренжіп:

      - Біздің әйелге айтқан нәрсе бір құлағынан кіріп, екінші құлағынан шығып кетеді, - депті.  Сонда жанында тұрған Жақсылық Ахметов:

 

     -Қандай бақыттысыз, аға!- деп жазушыны құшақтай алыпты. - Біздің үйдегі келініңізге айтқан сөз екі құлағынан бірдей кіріп, аузынан  у болып шығады, - десе керек. 

НҰРМАХАН ЕЛТАЙ 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

471

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз