+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



АУЫЛДЫҢ ҚАЛЖЫҢДАРЫ


 

       Ахметов пен Еңбекші совхозының директоры Баетов  бірде аудандық семинардан қайтып келе жатып, кәріс достарының үйінен түстенеді. Секемшілдеу Баетов былай шыққан соң:

     - Жақа, әлгі бізге ненің етін берді, - деп  сұрайды. Сонда  Жақаң жайбарақат  тісін шұқып тұрып:

     - Менің үргім келе бастады, иттің еті болса керек, - дегенінде онсызда  зәресі қалмай тұрған серігі лоқсып жіберіпті.

                                                                                                  ***

 

Қандөзде тұратын Арызқұл дәрігердің ұлы Қаныш қайдағыны тауып айтатын еді.

- Қай жерде тұрасыз, - деп сұраған жаңа танысына:

 

-Шыңғыстың «Боранды бекетінде», - деп жауап беріпті. Онысы үйінің қарсы алдында тұратын көршісі - Шыңғысты және екі жағындағы Боран, Бекет  деген жігіттерді меңзегені екен.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

329

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз