+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



ШАРАСЫЗ ШАРА


1934 жылы Шара Жиенқұлова мен Құрманбек Жандарбековті театрдағы бәсекелестері үстінен «арақ ішеді» деп нақақтан-нақақ айыптап, дөңгелек арыз жазады. Өнердегі әріптестеріне өкпелеген жас отбасы біржола Қырғызстанға көшіп кетуге бел байлайды. Ертең жол жүреміз деп отырғанда олардың үйіне ЦК-ның қара көлігі есігінің алдына тоқтапты. Сөйтсе, Темірбек Жүргенов нарком қызметіне тағайындалып,Шара мен Құрманбекті ертіп келуді шопырына тапсырған екен. Екеуі кабинетіне кіріп келгенде Темірбек орнынан ұшып тұрып, жылышұрай амандасады. Шараға дереу еліміздің түкпір-түкпірінен би өнерінің үлгілерін жинау керектігін айтады. Әлгі екеу күмілжіп, Қазақстаннан кетуге бел буып отырғанын естіген Темірбек дереу хатшы қызды шақыртып Шараға «Қазақстанның бас бишісі» деген қызметке приказ шығартыпты. Сол кездесуде  Ташкентке іс-сапарға жіберіп, танымал биші  Тамара хануммен кездесіп, екі елдің ұқсас билерін жинақтауды Темірбек Шараға тапсырыпты. Екі –үш жылдан кейін Шара үмітті ақтады.1936 жылы  Мәскеуде өткен Қазақстанның мәдениет күндерінде Шара көпшіліктің сұрауымен театрда бір биді екі рет билеген.Елдің атын шығарды, абыройын асқақтатты. Шара Шара болып жүргенде зейнеткерлік жасқа келген кезде, елеусіз  «қызметтен босатылсын» деген екі ауыз сөзбен приказ шығарылған. Ренішті Шара Дінмұхамед Қонаевқа хат жазыпты.         

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

737

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз