+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



МАСҚАРА БОЛҒАН ҒАЛЫМДАР


 

«Қыз Жібек» фильмі түсірілгеннен кейін араға 4-5 жыл сала адам таңқаларлық әрі күлкіден ішіңіз түйілетін қызықты жағдай болды. Осы кинотуынды түсірген алаң маңындағы ауыл тұрғындары «Біздің ауылдан мынадай білезік, мынадай сауыт» табылды деп «жәдігерлерді» мұражайға тапсыра бастапты. Жарайды қарапайым ауыл қазағын кешіріммен қарауға болады. Тауып алған «жәдігерін» жаңалыққа балап, ауданға апарып тиісті орынға тапсырған шығар. Ең масқарасы, ғалымдар шатысып «сенсация» жасап жіберді.Алматы облысында руна жазулары табылып, Ғылым Академиясының бірнеше ғалымы «бұл ескі жазулар» деп қорытынды жасағасын үлкен жаңалыққа айналып шыға келді. СССР бойынша орталық газеттер мақала, телеарналар бағдарлама түсіреді. Ол қойтастарды 1972 жылы Алматыға салтанатты түрде жеткізіп, қала көшелерінде халық  тамашалауға жиналып, ауқымды шара өткен. Сөйтсе, кейін белгілі болғандай бұл руна жазбалары сан ғасырлардың емес «Қыз Жібек» фильмін түсіруге керек деталь ретінде ғана тасқа қашалып жазылған. Видеосын қараңыздар сол тастағы жазбалардың бірін Төлеген рөлінде ойнаған Құман Тастанбековтың өзі қашап жазғанына көзіңіз жетеді.  

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

603

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз