+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



ҚАРАҒАЙДЫҢ ТҮБІНЕН ҚАЙЫРЫП АЛҒАН ҚОБЫЗЫМ..........


Қарағайдың түбінен

Қайырып алған қобызым.

Үйеңкінің түбінен

Үйіріп алған қобызым.

 

Қорқыттан қалған қобызды қазақ осылайша әспеттейді. Қобыздың дауысы ауыр, сарнағанда сай сүйегің сырқырайды. Негізі, ғылымда скрипканың арғы атасы қобыз деген де байлам бар. Бірақ, дәл осы байламға қатысты ғалымдардың пікірі екіге бөлінеді. Қобыз о дүние мен бұл дүниені байланыстыратын қасиетке ие. Оны ұзақ тартқан бақсылардың өзі трансқа кіреді. Байқасаңыздар, қобызға ілінетін темір сылдырмақтар поп-рок музыкадағы «металистердің» дәстүріне көшкен.  Қобыз аруақтар елін аралайды деген де түсінік әлдеқашан қалыптасқан. Сосын, Қызылорда облысы, Қармақшы ауданыда Қорқыт ата ескерткішін салғанда 11 адам көз жұмған. Демек,  тектен-тек тылсым болмайды.

 

НҰРЛАН ҚАЗИҰЛЫ

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

617

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз