+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



Әйгілі суретші Әбілхан Қастеевтің эксклюзивті фотолары

  • Бейсенбі, Қыркүйек 17 2015

Әбілхан Қастеевтің аты өнерден алыс адамдарға да таныс. Ол Қазақстанның бейнелеу өнері тарихындағы жарқын құбылысқа айналған, болашақ ұрпаққа негіз қалап кеткен атақты суретші. Бірақ біз қазақтың бейнелеу өнерінің атасы туралы не білеміз? Әйгілі қылқалам шеберінің қызықты өмірі және керемет оқиғаларымен фототоптамадан таныса аласыздар.

 

 

 

 

 

 

 

 

Суретші даңқы шықпас бұрын жалғыз анасы мен іні-қарындастарының қамын ойлап, біреудің жалшысы болған, қой баққан, жер жыртып, қара жұмыс істеп, нәпақасын тапқан.

 

 

 

Суретшінің алғашқы ресми жұмыс орны Түрксіб темір жолының құрылысында басталды.

 

 

 

 

 

 

Қастеев отбасы: Нұрғазы ағасы (1-ші қатар), Манап ағасы (2-ші қатар).

 

 

Қастеев жас кезінен білімге құштар болған. Өз бетімен арабша, кейіннен латынша оқып, жазуды үйренген. Ол Алматыға келіп, мектепке барғанда, басқа оқушылардан жасы анағұрлым үлкен еді. Ұялса да, 25 жастағы жігіт оқуын ары қарай жалғастырды.

 

 

 

 

 

 

Мәскеуде. 1930 жыл.

 

Әбілхан Қастеев досы Әубәкір Исмаиловпен бірге өнер жолын жалғастыру үшін Мәскеудегі өнер училищесіне аттанады.

 

 

 

 

 

 

Кеңес өкіметінің түрлі оқу орындарында оқыған Қастеевтің жерлестері.

 

 

 

 

Қастеев жұбайы Сақышпен бірге.

 

 


 

 


 

  

    Оқи отырыңыз

   САРҒАЙҒАН СУРЕТТЕР СЫРЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1-ші қатар, солдан оңға қарай: Мәсім аға (өгей әкесі), шешесі Қалипан Шығынбаева, жұбайы Сақыш ұлы Әбілтаймен. 2-ші қатар: өгей бауыры Нұрғазы, Әбілхан Қастеев.

 

 

 

 

Қастеев жас Абайдың портретін салып жатыр.

 

 

 

Қастеев Амангелді Имановтың портретін салып жатыр.

 

 

Майданға киім-кешек жинауға шақыратын плакат.

 

 

 

 

Қастеев Алматыға көшіп келгенде жалдап тұрған саман үйдің қасында.

 

 

 

 

 

Қастеев өзінің үйінде достарымен бірге. Солдан оңға қарай: мүсінші Х. Науызбаев, суретшілер С. Романов пен У. Ажиев.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қастеевтің суреттердің бағаларын белгілеген жазбасы.

 

 

 


Суретші билік өкілдерімен жақсы қарым-қатынаста болды. Арасында ешкіммен дос болмаса да, жұмыс бабымен көп араласатын болған.

 

 

 

 

Қазақ мемлекеттік театр-көркемөнер училищесінің түлектерімен бірге диплом жұмыстарын талқылау.

 

 

 

 

Өнерден бөлек, Қастеев оқытушылық және қоғамдық жұмыстармен де айналысты. Ол екі мәрте (1955 және 1959 жж.) Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы атынан Қазақ ССР жоғары совет депутаты болып сайланды. Әбілхан Қастейұлы ауылдық мектептерді, ауруханаларды, балабақшаларды салуға көп еңбегін сіңірді. Өңірлердің көркеюіне ат салысты. Көмек керек адамдарға қолынан келетінін аямайтын. Бірнеше рет Қастеев жазықсыз қамалғандардың бостандыққа шығуына да септігін тигізді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Еңбек сіңірген мұғалім Зағира Нүсіпбекова өзінің портретімен.

 

Қастеев шығармаларының кейіпкерлері танымал адамдар емес, көбінесе қарапайым кісілер болатын: мұғалімдер, жұмысшылар, өндіріс озаттары мен Еңбек Ерлері болды.

 

 

 

Қастеевтің сүйңктң иті - Барыс.

 

 

 

 

 

Туған жерінде Қастеевке арналған ескерткіш.

 

 

 

Өнер Мұражайында Ә. Қастеев атындағы мемориалдық залдың ашылуы.

 

 

 

 

Қастеев отбасымен бірге Орталық мәдениет және демалыс саябағында демалуда.

 

 

 

Қастеев отбасымен бірге.

 

 

 

Ұлы Нұртаймен бірге.

 

 

 

Ә.Қастеев ұлы Нұртаспен бірге.

 

 

 

Жұбайы мен қызы Гүлнәзиямен бірге.

 

 

 

Суретшінің қызы Гүлдәрия Әбілханқызы Қастеева.

 

ДЕРЕККӨЗ

 

 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

АҚПАРАТ ҚЫЗЫҚТЫ МА? ДОСЫңМЕН БӨЛІС:

Талқылау
2741





Пікір қалдырыңыз