+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



"ШӘМШІ БІЛЕ БІЛСЕҢІЗДЕР ӘУЕСҚОЙ КОМПОЗИТОР"


Кеңес кезеңінде Қазақстан композиторлар Одағының төрағасы Еркеғали Рахмадиев депутаттыққа түсетін болып Шымкентте тұрғындармен кездесуге барыпты. 600 орындық үлкен залға лық тола адамдар жиналған. Бір кезде аз-кем әңгіме өрбігенен кейін Еркеғали:

 

- Шәмші деген кім? Ешбір музыкаға қатысы жоқ адам. Әуесқой композитор. Өзінің білімі де жоқ. Саяз. Қазақстан Композиторлар Одағының мүшелігінен де шығып кеткен, - деп Шәмшіні сынай жөнелген. Сөйтсе, алдыңғы қатарда отырған ақсақалдардың бірі Еркеғалидің сөзінен кейін қолын көтеріп, микрофон сұрапты.

 

- Қарағым Еркеғали, Шәмшіні төмен көретіндей сен қандай танымал композитор едің? Қандай шығармаларың бар өзі, ел білетін?, - деп сұрапты.

 

- Мен...мен... кәсіпқой композитормын. Мен романстар, ария жазамын, - деп ақтала бастаса керек.

 

- Осы отырған ел Шәмшінің 50 әнін керек болса дәл қазір бірінен соң бірін орындап береді. Не айтып тұрсың? Бұлай, Шәмшіні жамандап сен депутат болмай ақ қой. Мен кеттім,болды, - деп  әлгі беделді шал залдан шыға бергені сол екен, барлық залдағы адам 10 минутта тарап кетіп, сахнада жалғыз Еркеғали қалған екен дейді. 

 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

1175

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз