+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



ОТБАСЫ, ОШАҚ ҚАСЫ.....


Отқа деген қазақтың ықылым заманнан  құрметі  ерекше болған. «Жамандық, сырқат-індет, тіл- көз үйден шықсын» деп адыраспенмен аластап, жаз жайлауға шыққанда от жағып, алауынан төрт түлікті өткізеді екен. Отбасы,отағасы, отың өшпесін, шырақ, «отбасы, ошақ қасы деген» тіркестер сол от - тан басталады. «Бір үйдің түтінін түтетіп отыр»- деген сөздің де астарында отбасына жылуын беріп, ұйытқы болып жүр деген мағына бар. Негізі отпен аластау өзге діндерде де көп кездеседі. Мәселен, христиандар шіркеуде шырақ жағады. Осы және  өзге де қазақтың танымдағы отқа қатысты пайымдарды мына сілтемеден қарасаңыз болады!

 

ОТҚА ҚАТЫСТЫ ТЫЙЫМДАР:

 

•  Отты шашуға, атуға, басуға болмайды. Отбасының берекесі кетеді.

•  Отқа түкірмейді.

•  Отты су құйып өшірмейді, өйткені қайта тұтатуға қиын болады.

•  Түнде күл шығармайды.

•  Күл төгілген жерді баспайды. Себебі барлық жаманшылық күлмен кетеді, оны басу сол жаманшылықты үйіне әкелгенмен бірдей.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

538

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз