+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



ТӨР+ИЕ, ТӨРЕ, ТӨР ИЕСІ


Кішкентай Шоқан ауыл балаларымен ойнамаққа еріп бара жатқанда әжесі Айғаным:"Шоқанжан,мында келе ғой. Ойын қуып алысқа озбайсың. Әжеңді бір еңбегіңмен қуантшы. Ана көлдің арғы бетіндегі таудың етегін көріп тұрсын ғой, соған барып таспен атыңды жазшы!,-деп немересін жұмсапты. Күнұзаққа тас жинап, кешке дейін "Мұхаммед-Қанапия" деген есімін жазған бала Шоқан шаруаны бітіре сала, әжесіне жетіп келіпті. "Әже, мен тау бөктеріне атымды жаздым. Барып қарайсыз ба?"-деп. Немересін жетектеп көл жағасына барған Айғаным"Ай, ботам. Көрдің бе, әзірге сенің есіміңнің шапағы ауылға түсіп тұр, ертең сен өскенде әлем таниды"-деген екен.Қандай өнеге! Текті төрелердің тәрбиесі де таңқаларлық! Өнертанушы ағамыз Ақселеу Сейдімбек толық шығармаларының бірінде «төр+ие» төр иесі деген сөзден қалыптасқан ұрпақ, тұқым деп таратады. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

566

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз