+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



СӨЗ - СҮЙЕКТЕН ӨТЕДІ


Шоқан Уәлиханов  экспедициямен еліне келіп жатқанда ауыл сыртында алдынан шыққан бір қария «Шоқанжан, сені осы елдің тұтқасы болады деп жүрсек, орысқа қосылып айбалта, қаруыңды ала келдің бе?! Онсызда қараңғы еліңді қанға бөктіргелі жатырмысың! Төре төрелігіне салып ел билей ме десек, мынауың не?»-деп өкпе айтқан деседі. Сол сөзден кейін Шоқан әлгі экспедициядан қалып қойған.  Кейін әйгілі  Черняевтің экспедициясы да Шоқанның ауылының үстінен өтіп, бірге жүруге шақырады. Шоқан мақсаттарын сұрағанда «Мектеп ашамыз, сауаттандырамыз» деп көшбасшы  жалған айтса керек. Ат арбаларды аралап, үстінен қанар матамен жауып қойған қару-жарақ, пушкаларды көргенде Шоқан «Мақсаттарың түсінікті. Мен бармаймын»-деп шорт кескен.    

 

НҰРЛАН ҚАЗИҰЛЫ 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

703

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз