+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



ЗООПАРК


Ақын Рафаэль Ниязбеков бір отырыста Жүрсінді мақтауын жеткізейін деп: «Жүрсін деген арыстан кеуделі,  жолбарыс  жүректі  азаматымыз ғой» деп бастай жөнеліпті. Оңтайлы сәтті қалт жібермейтін, қазақы қалжыңға жүйрік Жүкең: «Оу, Рафеке, мақтаймын деп менің кеудемді зоопаркке айналдырып жібердіңіз ғой» деген екен.

Дерек  Әдебиет  порталынан алынды

 

 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

257

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз