+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



Айгүл Үлкенбаева: Шәкірттеріме күйді нотамен емес, құйма құлақтық тәсілмен үйретемін


Дарынды күйші Айгүл Үлкенбаева кезінде Қаршыға Ахмедияровтың шәкірті ретінде ұстазымен бірге сахнада өнер көрсетіп жүргені кеше ғана сияқты еді. «Ұстаздан шәкірт озар» деген осы болар.

 

Бүгiнде төкпе күйдiң шеберi арнайы мектеп-студиясын ашып, күйшi шәкiрттер тәрбиелеуде. «Қайырлы таң» бағдарламасының қонағы болған күйшi: «Мақсатым – тек шебер күйші тәрбиелеу ғана емес, қазақтың әрбір баласы домбырада ойнап білсе екен», - дейдi.

 

Сондай-ақ, күй өнеріне өзіндік қайталанбас қолтаңбасымен келген талантты күйші, ҚР еңбек сіңірген әртісі Айгүл Үлкенбаеваның шәкіртімен бірге қос домбырада орындаған әдемі күйіне қаныға аласыздар.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

559

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз