+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



"ТАБАНЫҢДЫ ЖАЛТЫРАТШЫ ТЕЗІРЕК......"


Мәскеуге оқуға барған Шәкен Аймановтың қаражаты таусылып, пұшайман болып жүрген кезі болса керек.  «Мәскеу» қонақ үйінде жазушы Мұхтар Әуезовтың жатқанын естіген Айманов сол кісіден қарыз сұрамаққа бел буады. Іздеп жүріп нөмірін тауып алып, екі жерлес ұзақ әңгімелесіпті. Соңына таман жағдайын айтқан Айманов 1000 сом қарызға ақша сұрайды ғой баяғы.

-Әй, Шәкен өзің қызықсың! Елден жырақта жүрген адам қалтасына салып жүретін ақшасын қамдамай ма? Мәскеуде мен де әлде ағайыным бар деп естіп пе едің?!,-деп жазушы реніш білдірсе керек.

-Қарызға  500 сом беремін болды. Қалғанын білмеймін.

Әңгіме осылайша өрбіп келе жатқанда есіктен иненің жасуынан өткендей көрікті балерина есіктен кіріп келді дейді.

-Здраствуйте, Мухтар Омарханович,-деп жымыңдай жылышұрай амандасқан көрікті әйелге  жазушы ағамыз бәйек болып қалған. Мұхтар Омарханұлы дереу ортаға дастархан жайып, коньяк пен шоколад әкеліп, Шәкенді орысшалап таныстырып, Қазақстанда танымал, талантты режиссер екенін айтып мақтауын келістірген. Қазақтың  дәстүріне сәйкес, үлкенге кіші сәлем беретінін айта келе, Шәкеннің қайтуға жиналып отырғанын әспеттеп жеткізіпті. Сөйтсе, газетін шиыршықтап отырған Шәкен орнынан қозғалмайды дейді. Жазушы ымдапта, ақырын қазақша айтса да режиссер тапжылмапты. Дереу Мұхаң Шәкенді басқа бөлмеге шақырып алып «Шәкен, 500 сом қарызға да емес, міне 1000 сом ақша сұрауы жоқ, тек табаныңды жалтыратшы тезірек » деген екен. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

818

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз