+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



5 минуттың ішінде торсық жасап үйренейік!


Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінде, шаруашылығында тері өңдеу маңызды орын алған. Қолөнерде өрнектеліп жасалатын заттарға ірі қара малдың иленген терілері қолданылса, ас құятын ыдыстарды, әдетте, иленбеген теріден жасайды.

Өйткені, иленген тері су тиген сәтте тез жібіп кетеді де, оған құйылған сұйық тағамға иінің дәмі шығып тұрады. Сондай көне ыдыстардың бір түрі – торсық.

 

Торсық – қымыз, шұбат, айран сынды сусын құюға арналған әрі алып жүруге ыңғайлы ыдыс. Оның бір ерекшелігі – сусынның табиғи қалпы мен дәмін сақтап тұрады. Сондықтан ол кезінде бүгінгі қолданыстағы тоңазытқыштың орнын ауыстырған. Ендеше, торсықтың қыр-сырымен танысып, жасау технологиясына қанық болғыңыз келсе, төмендегі видеоға назар салыңыз.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

2200

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз