+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



ПАРИК КИГЕН ЫБЫРАЙ....


«Мен күшімнің жеткенінше туған еліме пайдалы адам болайын деген негізгі ойымнан, талабымнан еш уақытта да қайтпаймын», -деп қазағының көзін ашуға Ыбырай Алтынсарин барын салды. Мектеп салғызды. Алайда, бала оқытуға ауылдастары көне қоймады. Ол кезде  жаңашылдыққа жатырқаудан бөлек, Ыбырайға  қараулық та жасалды. «Балаларды шоқындырды, үйінен бір сандық крест шықты» деген айыптаулардың сан атаулысы Ыбекеңнің көзі тірісінде тасадан тас болып атылды. Мына бір шумақ  өлең сол Ыбекеңнің ішкі жан дүниесін айқындағандай.

 … Аласы ағайынның алаңдатты,

 Көре алмай көп ішінен жамандатты.

 «Шоқынды», «крест тақты», «әй кәпір деп»,

 Аузына келгендерін айтып бақты.

Негізі тарихтан белгілісі  Алтынсарин парик киген. Шашының не себептен  түсіп қалғаны  туралы түрлі дүдамал болжамдар айтылады. Бір деректерде оны Ыбыраймен жауласқан қалың қазақ жабылып сабап, басын зақымдап  таз еткен деген қисын бар. Анығы, Ыбырай Алтынсарин қандай қиындық көрсе де өз бағытынан айнымаған ағартушы ретінде тарихта қалды.   

 

 

НҰРЛАН ҚАЗИҰЛЫ 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

521

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз