+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



КИІЗ ҮЙДІҢ ҚАДІРІ


Қыста жылы, жазда салқын. Жинап-құрастыруы жеңіл киіз  үйді пайдалану қазірде тіпті сиреп кетті. Қалалық жерде той-томалақ, өлім-жітім болған кезде тігеді. Оның кейбірі темірден құрсауланып жасалып жүргенін көз көріп жүр. Ауылдық жерде көп жағдайда үйге сыймаған затты сақтайтын қойма ретінде пайдаланады. Осы баспанамыздың қолданыстан шығып бара жатқаны сондай, оны құрастыртатын көнекөз қарияларымыз да сиреп кетті. Жастардың көбі уықты ұстап, керегені кергенімен, құру әдісін білмей аңтарылып тұрады. Әрине, ата салтымыз осы екен деп ешкім  XXI  ғасырда киіз үй құрып қыстамасы белгілі. Қазірде  киіз үйді  шетелдіктерді таң қалдыратын декоративтік  құралға айналдыру тенденцияға айналды. Айтпағым,  дәстүріміздің жоғалып кетпеуіне  жанашыр болып, бабалардың баспанасын балаларға көрсететін жағдайымызды жоғалтпасақ болар да!  

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

384

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз