+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



ҚИЛЫ ТАҒДЫР....


Алаштың ардақтысы Ахмет Байтұрсынның зайыбы Бадрисафаның көзін көрген соңғы куәгерлердің бірі - Дәмежан Досмағанбетқызы. Кейуананың қазірде  жасы 86-ға шығыпты. Ахмет атамызға адал жар болған Бадрисафа өмірінің соңғы жылдарында әбден азып-тозып, Қостанай  қаласында басы ауған жағына жүретін кезбеге айналған. Ахаңды қайта-қайта қамап, абақтыға айдай бергесін талма ауруына ұшыраған. Кез-келген жерде көкпеңбек болып құлап, дірілдеп, аузынан көпірік атқылайтын жағдайға келген.

«....Ахаңнан Падрис апамен қалай үйленгенін сұрадым. Өйткені олар бір-бірін өте жақсы көруші еді. Ахаң сұрағыма қысқа жауап берді: «Мен патша өкіметінен қорлық көріп жүргенде елден жырақ жүрдім, маған көмек беретін кісілер болмады. Сол кезде көп көмек берген осы Падрис апаң еді. Патша өкіметіне тіркелуге барғанымызда «басқа ұлттың қызы»деп оған некелесуге рұқсат бермеді. Сосын Александра деген атын өзгертіп, башқұрттың Падриса деген қызының атын алған...»

 

А.Байтұрсынның інісі Самырат Кәкішевтің естелігінен үзінді 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

404

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз