+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



ӘН МӘТІНІНДЕГІ ҚАТЕЛІК


«Ақан серінің «Қараторғай» әніңнің мәтініне өзгеріс енгізіліп кеткен. Мысалы :

« Бірге өскен кішкентайдан сәулем едің,

 Айырылдым қапияда сенен не ғып?!»-деп қазір әншілердің барлығы солай  айтып жүр. Ол-қате мәтін. Бұл ән, әсіресе мына екі тармақ  сүйікті қызына емес, әбден қартайып қона алмай азарланған қыран бүркітіне арналған. «Қолда өскен»деген сөзді біреу «бірге өскен» деп, қарағым-айды сәулемге өзгертіп жіберген. Екінші шумағы тіпті Ақанның әні емес, басқа «Қараторғай» әнінен келіп осы жерге «қонақтаған».

 Ертістің аржағында бір терең сай,

Сүйреткен жібек арқан тел қоңыр тай.

Ағаштың бұтағына қоңып алып,

Сайрайды, таң алдында қараторғай»,-деп жалғасатын екінші шумақ анығы Ақандікі емес. Біле жүрген жөн»

НҰРҒОЖА ОРАЗ  ақын, жазушы 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

352

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз