+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



ИГІ ІСКЕ ҮЛГІ БОЛҒАН АРЫСТАР-АЙ....!


Алаштың арыстарының қай-қайсысын алсаңызда, XX ғасырда еуропалықтарша киініп жүрді. Заманына сәйкес костюм-шалбар, жакет киіп, қара галстук (бабочка) таққан. Шынжырлы көзілдір тағып, елден ерекше киінген. Әлихан Бөкейханов,  Міржақып Дулатов,  Ахмет Байтұрсынов, Жүсіпбек Аймаутов, Мағжан Жұмабаевтардың киім үлгісі сол тұстарда бір келкі болды. Ел болуды ойлаған Алаш азаматтары бірінші кезекте мұнтаздай жүріп, таза киінуге дағдыланды. Осы үрдісті қазақтың көзі ашық зиялыларының арасында бастаған Әлихан Бөкейханов екен. Олар үстіне шоқпыт тонын, бұтына сырмағын киіп, басына мыжырайған тымағын бастырған қазақ өзгеге күлкі болмасын әрі үлгі алсын деген мақсатта киім кию мәдениетін қалыптастыруға елеулі үлесін қосқан.  

 

НҰРЛАН ҚАЗИҰЛЫ 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

951

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз