+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



Қария – ақылы теңіз дария

  • Бейсенбі, Қазан 01 2015

Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ежелден келе жатқан салтымыз. Жасы үлкен ақсақалдарымыздың өмірлік тәжірибелері мен ақыл-кеңестері, тәлім-тағылымдары, өсиет сөздері асыл қазына ретінде бағаланап келді. Ұрпақ жалғастығын, амандығы мен парасаттылығын маңызды деп санап, салиқалы болып өсулеріне ерекше мән берген.

Игілік пен ізгіліктің үлгісін танытуда жалықпайтын кісілер болса, олар – ата-әжелер. Егер байқасаңыз, ата-әжесінің көзі мен тәрбиесін көріп өскен бала ерекше болатыны хақ. Өйткені кішкентайынан еркелікпен қоса үлкендердің махаббатына бөленген олар, өскенде көпшіл, сөзшең, мейірімді, ізетті, кішіпейіл болып келеді.

Қарт кісіні құт-береке деп танысақ, бұл ұрпақтың көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген қария әр кезде де бақытты.

Бүгін – халықаралық қарттар күні. Ендеше, арнамыздың атынан ақылдың кенін арқалаған айбынды аталар мен ақ жаулықты әжелерімізді шын жүректен құттықтаймыз!

Тек бұл күні емес, әр күндеріңізді ата-әжелеріңізбен көңілді өткізіп, алыста болса хабар алып, аман-саулығын сұрап, денсаулықтарына көбірек көңіл бөліп, қуандырып жүріңіздер дегіміз келеді!

Назарларыңызға көпке танымал эстрада жұлдыздарының әндері мен нақыл сөздерді ұсынамыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

АҚПАРАТ ҚЫЗЫҚТЫ МА? ДОСЫңМЕН БӨЛІС:

Талқылау
3104





1 comment

  • Дүйсенбі, 19 Қазан 2015 19:39 айда

    Неге мақалдар жок

Пікір қалдырыңыз