+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



"ТӘНІҢ СУҒА МАЛЫНДЫ....!"


Ақан серідей қазақта тазайын, кірпиаз адам XІX ғасырда кемде-кем болған шығар. Барған ауылында тек қазан-ошағы, дастарханы  таза шаңыраққа түседі екен. Өзімен бірге ас ішетін ыдысын қоржынға салып алып жүрген. Кішкене тазалықтан ағаттық көрсе, отырған орнынан тұрып жүре береді екен. Негізі, ерте замандағы қазақ, қырғыздардың ұлт ретінде тазалыққа соншалық ұқыпты болған деп айтуға болмас. Қырғыздар мәселен, мүлде лас болған. Шоқан Уәлихановтың «Қашқария сапарларында» қырғыздарға тіпті таң қалады. Киіз үйде тұратын қырғыздар мүжілген мал сүйектерін жинамай, қобыратып шашып тастайды екен. Қымыз, айран құятын кеселерінің жуылмағаны сондай әбден қаспақталып кетеді. «Ырыс кетеді» деген ырыммен оны айлап жылдап жумай пайдаланады. Оның қасында Ақанның осыншалық кірпиаз болуы ерекше жәйт.  

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

500

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз