+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



ДӘМІ ТІЛ ҮЙІРЕР ТАҒАМ

  • Сейсенбі, Қазан 06 2015

Халқымыздың ұлттық тағамдарының алуан түрлілігі таңдай қақтырады. Оның айқын дәлелі ұмыт қалған көмбе тағамы. Тағамның бұл түрін бабаларымыз көбіне далада көшіп-қонып жүргенде немесе аң аулағанда ыдыс жоқ жағдайда жерді қазып, жас етті қарынға салып дәмді етіп пісірген.

 

 

 

 

 

 

 

Көмбені дайындау тәсілі әр өңірде әр алуан. Оңтүстік және солтүстіктің қазақтары аталмыш тағамды «қарын көмбе» деп атайды. Аты айтып тұрғандай, көмбе асын дайындауда анау айтқандай еш қиындық жоқ. Жарты құлаш етіп жерді қазып, шұңқырдың бүйірі әбден қызғанша от жағылады. Қызған шұңқырдан оттың күлін алып сыртқа тастайды. Тез арада жаңа сойылған қойдың немесе аңның етін қажетті қоспаларға араластырып өз қарнына салып буады. Аузына қамыстан ұзын түтік жасап, әлгі қызған таба іспеттес шұңқырға салады. Қарынға қақпақ ретінде шұңқыр ішінен шыққан ыстық топырақты жауып қайта көмеді. Топырақтың үстіне қызуы мол ағаштарды қолданып, от жағады. Қамыстан жасалған ұзын түтіктен бұдақтап бу шыға бастағанда, от жағуды тоқтатады. Дегенмен қарын тағы 2-3 сағат бойы ыстық топырақ қойнауында өз буына өзі піседі. Дайын болған асты алу үшін топырақты еппен аршып, қарынның үстінгі бөлігіне жеткен соң, оны ойып жіберіп, ішіндегі етті алады. Ал Алматы облысында «сылама көмбе» деп аталатын бұл тағам, ерекше тәсілмен дайындалады. Жаңа сойылған қозының терісін аршымай, ішек қарнын тазалап, сыртын саз балшықпен сылап ыстық шұңқырға салып жібереді. Жалпы көмбенің пісу уақыты 5 сағат шамасында. Бүгінде көмбені мейрамханалар мәзірінен кездестіруге болады.

 

ДЕРЕККӨЗ

 

 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

АҚПАРАТ ҚЫЗЫҚТЫ МА? ДОСЫңМЕН БӨЛІС:

Талқылау
2064





Пікір қалдырыңыз