+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



ЖЕТІ ҚАЗЫНАНЫҢ БІРІ


Аң қағатын итін қазақтар "тазы" атауының мәні парсының "таза, алғыр, жүйрік" деген мағынадағы сөзінен шыққан. Бәлкім тазы - таза - таза қанды деген мағынадағы сөзінен туған, ықшамдалу заңдылығына байланысты тазыға ауысуы мүмкін деп жорамалдайтындар да бар. Қазақ тазысы мен ауған тазысы Орталық Азияға парсы тазысымен бір дәуірде келіп, оны сақтар мен ауғандар жергілікті табиғи жағдайдың ерекшеліктеріне сай жетілдіріп, қолдан сұрыптап өткізгенге ұқсайды.

 

Дегенмен соңғы кездегі зерттеулер Орта Азияда таралған тазыларды арабтың слюгги (слугги) аңшы иттерімен будандасудан пайда болған жергілікті тұқым деп есептейді. Тазының отаны Қазақстан және Түркменстан (әредік Өзбекстан жерінде де өсіріледі) деп есептеледі. Түркмен тазысы қазақ тазысына қарағанда бітімі ұсақтау келеді. Тазы итті Орта Азияның көз жетпес кең даласының тұрғындары арабы иттерді жергілікті тұқыммен будандастыра отырып, сұрыптау нәтижесінде шыққан ат үстінде аң аулайтын бекзадалар мен дегдарлардың ермегіне және малшы-бақташылардың күн көрісі үшін қызмет еткен тұқым деп есептейді.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

588

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз