+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



ӘЙТЕКЕ АЙТҚАН АСЫЛ СӨЗ


Ертеде ұлы жүздің бір жігітіне атастырып құда түсіп қойған орта жүздің бір қызы арғынның жігітімен қашып кетеді. Екі ел арасында жесір дауы басталады. Бірінің жылқысын бірі барымталап кетеді. Төбелес, жанжал шығады. Екі жақтың кісілері Төле би мен Қазыбекке жүгініседі. Қазыбек: - Аға болып алдымен туасың, Барымталап жылқымды қуасың – десе, Төле би оған: Артымнан ерген еркемсің Ағаңның көзі тірісінде Жеңгеңді неге ертесің? - деп өкпе артады. Екеуі ұзақ-ұзақ сөз жарыстырады, бір мәмілеге келе қоймайды. Сонда ортадан Әйтеке би тұрып: - Сабыр етіңдер, ағалар!

Ашу бар жерде ақыл тұрмайды.

Ашу деген ағын су,

Алдын ашсаң арқырар.

Ақыл деген дария,

Алдын тоссаң тоқырар.

Кісі бірге туыспау керек

Туысқан соң сөз қуыспау керек.

Сөз қуған бәлеге жолығады.

Жол қуған олжаға жолығады.

Төле, сен жылқысын қайыр!

Қазыбек,сен жесірін қайыр! - деп, екеуін келістіріп, қол алыстырыпты. Ел Әйтекенің бұл билігіне риза болып, екі жағы бітімге келіп, тиышталыпты.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

683

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз