+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



ӘЛИХАН ЕККЕН АҒАШ


Алаш ардақтысы Әлихан Бөкейхановтың аталарының , анасының, туған інісінің зираты қазіргі Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданының аумағындағы «Талдыбейіт» деген жерде жатыр. Ол жердің атауы да жайдан-жай қойылмаған. Әлихан Бөкейханов Санкт –Петербургте жүргенде  Бразилиядан әкелінген үш түп шетенді 1905 жылы елге ала келіп, ата қабірінің басына еккен. 1932 жылы аштықтан бұратылып әрі-бері ыққан қазақтар бейіт басындағы екі талды жұлмалап сындырып отқа жағып, бейіт басын паналаған екен дейді. Әлиханның молаға екен ағашы да өлмеші қазақтың өзегін жалғап, мұздаған жүрегін жылытып, бір кәдесіне асты. Қазіргі күні сол бейіт басында жалғыз түп шетен ағаш мәуелеп өсіп тұр.  Қазақтың жанына медеу болған Әлихан тарихтағы ең алғашқы орманшы мамандығын бітірген білікті  һәм білімді азамат болды. Ерді және жерді көгалдандырған Әлихан Бөкейхановтың аруағы үшін еліміздің Ауылшаруашылық министрлігі ескерткіш қойып, әлгі талдың селекциямен айналысса артық болмас еді. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

806

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз