+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



БӨКЕЙХАНОВ МАСОНДЫҚ ЛОЖАҒА МҮШЕ БОЛҒАН


Күні кеше ғана Алматыда  еврейлердің  Әлихан Бөкейханов атындағы масондық ложасының алғашқы отырысы өтті.  Бұл ұйымды Алаш ардақтысының атында ашулары да тегін емес. Себебі, Әлихан Бөкейханов «Полярная звезда» масондық ложасында мүше болғаны анық.  Әлекеңнің  Ресейдегі осы ұйымға кіруінің себебі, жасырын ұйым  патшалық империяны құлатуға астыртын жұмыс істеді. Одан өзге дербес ұлттарға автономия алып береміз деген ұстанымды да айтып жүрді. Қазан төңкерісінен кейін, олардың  түпкі мақсаты  іске асқасын, автономия туралы жақ ашпайтын болды. Кейін келе тіпті Ресей біртұтас мемлекет деген бәту  айтуға кірісті.  Саяси көзқарас өзгергесін Әлихан Бөкейханов ұйым жұмысына араласуды мүлде тыйды. Билікке большевиктер келгесін ложаның да  қауқары қашып, Керенский бастаған серкелері шетел асып қашты. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

1742

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз