+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



ҚҰДАЙ БЕРГЕН ДАРЫН


Бір басына қанша өнерді төгіп берген десеңізші!  Танымал геолог Қаныш Сәтбаев домбыра тартып ән салғанда көптеген әншіні шаң қаптырған. Жаяу Мұсадан батасын алған.  Қанышқа разы болған әнші көк қаршығасын тарту етеді. Алайда, Қанекең ізеттікпен Мұсадан асыраушы құсын алудан  бас тартқан. Қаныш аға  мектепте жүргенде скрипка тартып үйренген. Кейін гитара, мандолина тартуға дағдыланған.  Қанекең биді де керемет билепті. Полька, мазурка, вальс билегенде жастар аңтарылып тұрып қалады екен. Би өнеріне деген құштарлығының ашылғаны сонша Кисловодскде шипажайда демалып жүргенде осы күнгі жаңа билер- фокстрот,танго билерін тез меңгеріп алыпты.   

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

430

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз