+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



КҮЛӘШҚА АЖАЛ ҚҰШТЫРҒАН АРЫЗ


«Ішімдікке өте әуес, еще гуляет» деп Күләш Байсейітованың үстінен арыз жазған алты адам  бұлбұл әншіні 45 жаста ажал құштырғаны мәлім. Ол тізімде кімдер болғанын білгіңіз келсе, мына сұхбатқа зер салыңыздар.    

 

Күләш Байсейітова туралы  кітаптың  авторы Бексұлтан Нұржекеевпен болған сұхбаттан үзінді: (сұхбат 2012 жылы алынған)

 

- Арызды ұйымдастырушы ағайынды екі әнші болыпты. Менің бір байқағаным, Күләштің үстінен алты адам арыз түсіргенін естелік жазғандардың бірде бірі айтпайды. Ғабит Мүсірепов те, Әбілдә Тәжібаев та ауыздарына алмайды. Арыздан кейін Күләштің іле-шала өмірден озуы  бастықтарды да, басқаларды да қатты шошытты.

 

- Арыз жазғандардың ішінде КСРО халық әртісі, лаураеат, депутаттар болған дейді?

 

- Менің білуімше, операда істеген Ришат Абдуллин бар, 1988 жылы қайтты. Үш КСРО халық әртісі қазір ортамызда жүр, үшеуі де Күләшпен бірге қызмет жасаған, олар: Роза Жаманова, Бибігүл Төлегенова, Ермек Серкебаев. Анық-қанығыңа жеткің келсе, осы үшеумен де сөйлес, жасырып-жабатын ештеңесі жоқ, сұрақты төтесінен қой. «Үстінен арыз жазғандарды білесіз бе? Арыздың ішінде сіз барсыз ба?» деп сұра. Осы үшеудің біреуі сол алтаудың ішінде болған. Бәлкім, өкінер, мойындар.  

 

«Аңыз адам» журналынан үзінді 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

4459

5 comments

  • Сенбі, 18 Маусым 2016 12:10 арыстан

    Сорлы болған қазағым ай. Масқара болдық қои. Артында осындай зардабы жоқ бір де бір зиялы қалмады. Қыздарымыз оинастан туып баласын далаға тастап азаматтарымыз есілдерті ақша ұрлау шет елге қашу тексіздігіміздің белгілері болганы ма

  • Жексенбі, 11 Қазан 2015 21:17 Тойған Ізім

    "Құштар көңіл" кітабының авторы Қанабек Байсейітов ағамыз еді, қателесіп кеткен жосыз ба? Бексұлтан Нұржекеевт басқа кітаптың авторы болар. Ол кісінің шығармалары жеткілікті ғой.

  • Жексенбі, 11 Қазан 2015 01:20 Гүл

    Енді анық сұхбаттарды алып, турасын жазбайсыздар ма? Рас болса, о дүниеде жауап берер, қайсысы болса да қазақ даласында Күләшқа жететін әнші әлі жоқ екені рас.

  • Жексенбі, 11 Қазан 2015 00:40 Байтана

    Қазақтар əлі күні шеиін түсінбеи жүр бірін-бірі сатқан болсын,опаз,арыз,жасасын түбі жақсылыққа апармайды,өзіңе ор қазады,бүкіл зиян балдарға немесе немереге,шөбереге қасірет тию мүмкін əрбір Қазақ ар намыс адал болу керек сонда ғана еліміз отан,отау,шекера,жерұйық сақтай аламыз.

  • Жұма, 09 Қазан 2015 17:05 Бердалы Оспан

    "Құштар көңіл" атты кітапты Нұржекеев жазды дегенді бірінші рет естіп отырмын. Бұл кітапты Қанабек байсейітұлы жазған.

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз