+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



КҮЛӘШҚА КЕКТЕНГЕНДЕР......


1929 жылдың күзі болатын. Қай спектакль екені есімде қалмапты. Бір кезде Күләшқа қарасам саханадағы актерлермен ілесіп «ойнап» отыр. Біресе қабағын түйе қалып қиналып, селк ете қалып шошып, біресе жадырай күлімдеп, сахнадағы актерлердің қимыл-әрекеттеріне үйлесе қозғалақтап шыдай алмай кетеді. Спектакльден шыққан соң Күләшқа:

-Сен біздің театрға келесің бе ?-дедім.

-Ала ма?-деп қалды. Түсіне қойдым ниетін.

-Сөйлесіп көрейін,-дедім де, әңгімені әрі созбадым.

Сол жолы Жұматқа бір өтірік айттым. «Айтбек сізге «Мүмкіндігі болса,Күләшті театрға алсын» деп еді»,-дедім. Өйткені, Айтбек екеуінің жақсы сыйласатынын білетінмін.

-Келсін, көрейік,-деді Жұмат. Күләш қатты толқыды. Сынынан өте алмай қалама ба деп қобалжыған болар сірә. Театрға келсек, Жұмат пен Жанбике отыр. Күләш «Елім-айды» айтты. Өзінің әдемі, жұмсақ дауысымен айтты. Сонан соң екеуміз «Арқалық батырдан» үзінді ойнадық. Біз сахнадан түсер-түспестен-ақ:

-Нағыз қалмақ қызы осы ғой,-деп, Серке пікірін айтып тастады.

Солай айлығына 36 сом белгілеп, ең төменгі ставкамен Күләшті театрға алды. Ол күні Күләштің қуанышында шек болмады. Оған шешесі де қатты қуанды.

 

Қаныбек Байсейітовтің естелігінен   

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

391

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз