+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



ҚОНАҚЖАЙ ҚАСТЕЕВ


Суретші  Әбілхан Қастеевтің тұрмыс жағдайы анау айтқандай жақсы болмаса да, керемет қонақжай кісі болған.  Ауылдан Алматыға келген туыстарының бәрі  табандарын тіреп Әбілхан ағаның үйінде апталап жатып алады. Одан қалды балаларын суретші мамандығына оқытқысы келетін  адамдарда осы Әбекеңнің үйін сипақтап жүріп тауып алады екен. Шынымен ілуге келетін бала болса Әбілхан аға бәріне көмектескісі келіп жүгіретін көрінеді.  Суретшінің отбасына қонақтың көп келетін сондай, балаларына көрпе-төсек жетпей қалатындай жағдай болған. Жаз кездерінде үйге сыймай, ауладағы сәкі үстіне ұйықтайды. Қанша қонақ келіп жатқанда жары Сақыш қабақ шытпаған. Алматыдағы суретшілер Сақыш апайдың лағманын сағынғанда топ-тобымен, 20-30 адам келіп қонақ болып кетеді екен. Міне, кеңес заманының кеңпейіл адамдары. Қазіргі заман келбеті де, адам ниеті де тіпті басқа!

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

358

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз