+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



«ӨМІРДІҢ ӨЗІ – ТЕАТР»

  • 10.10.2015

«Осы бар ғой ана Мәмбетов жынды әй осы....., не шалды ойнайтын басқа актер құрып қалыппа осы театрда?....»

« Қан мен тер»трилогиясы бойынша алғаш сахнаға спектакль дайындалып жатқанда егде жастағы актер Елубай Өмірзақов аяқасты сырқаттанады да, Ақбаланың әкесі Сүйеу қарттың рөлін ойнау 40 жастағы Сәбит Оразбайға тапсырылады. Сәкеңнің әріптестері Әзірбайжан Мәмбетовтің бұл шешімнен реніш білдіріп, Сәкеңді өз байламынан айнуға шақырады. Алайда, Сәкең Әзірбайжан ағаның сеніміне селкеу түсіргісі келмей әрі актерлік шеберлігін шындауға шындап кіріседі. Сөйтіп, Сәбит Оразбай базар жағалап, қарттардың қимыл-қозғалысын, эмоциясын, әрекетін бағып кетеді.Байқаса ақсақалдардың көбісі қарттық жеңгесін, буын күші босағасын талтаңдап, аяқ арасын ашып жүреді екен.Сәкең базардағы бал ашатын шалдан соны анық байқаған. Не керек, тиянақты дайындықтан кейін, өнерсүйер қауымның алдына шығатын күнде келді. Байсалды, табанды әрекетінің арқасында 40 жасар  Сәбит Оразбайдың есімі қойылым сахнаға шыққан күні әйгіленді. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

АҚПАРАТ ҚЫЗЫҚТЫ МА? ДОСЫңМЕН БӨЛІС:

Талқылау
Жарияланды: «Өмір. Театр. Кино»

Loading...

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз