+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



ӘДЕМІ ҚАЛЖЫҢДАР


ГӘП ҚАЙДА

 Өзбек халқының әйгілі жазушысы Асқат Мұхтар әдеби-көркем «Шығыс жұлдызы» журналының бас редакторы болып қызмет істеп жүрген кезінде Алматыға қонаққа келіпті. Ол кезде «Жұлдыз» журналының бас редакторы Сырбай Мәуленов екен.

 – Сырбай, осы сенің «Жұлдызыңның» тиражы керемет көп қой... қалайша көбейтіп жүрсің? – дейді Асқат әріптесінен сыр тартып.

Сонда Сырағаң:

 – Асеке, біз жұлдызбыз ғой... Батысқа да, шығысқа да, тіпті күнгей мен теріскейге де нұрымызды шаша береміз. Сірә, оқырманымыз да сол себепті көп шығар. Ал сіздер тек шығысқа ғана нұр шашқан жұлдызсыздар... Меніңше, гәп осында! – деп әдемі әзілмен жауап беріпті.

 

МЕНІҢ ҚАСҚЫР ИТІМ БАР

  Жазушы Зейін Шашкиннің үйінде Сәбит Мұқанов, тағы бірқатар ақын, жазушылар қонақ болып отырады. Алдарына табақ-табақ ет келеді. Дәстүр бойынша бәрінен жасы үлкен Сәбең ет асатуға ыңғайланады. Уысына қазы-қартаны толтырып алып, жанында отырған Жұбан Молдағалиевқа ұсына бергенде, Жұбан:

 – Ойбай, Сәбе, менің гастритім бар, –  деп аттонын ала қашады. Сонда, сол жағында отырған Сырбай Мәуленов:

 – Сәбе, маған әкеліңіз, Жұбанның гастриті болса, менің қасқыр итім бар, –  деген екен.

 

ЖИНАЛЫСТА

 Бір жиналыста Сырбай Мәуленовтың баяндамасына академик Мұхаметжан Қаратаев мін таға сөйлей келіп:

– Мен Сырбай балдыз болған соң әдейі батыра айтып тұрмын, – депті. Сонда Сырбай:

 

– Мұқа, бұл балдыздар мен жезделердің жиналысы емес қой, –  деген екен.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

466

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз